
«Таза Қазақстан» акциясы аясында 26 сәуір күні Пригородный жалпы білім беретін мектепте «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясы өтіп, акцияға қатысушылар бір мақсат – туған жерді жасыл желекке бөлеп, көркейту үшін біріккен болатын. Бұл бастама ауылдың экологиялық жағдайын жақсартуға, жасыл желектерді дамытып, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған.





