«Оқитын ұлт» республикалық жобасын іске асыру аясында Пригород жалпы білім беретін мектебінде мектепішілік байқаулар кезеңі өтті.
«Оқитын педагог» бағыты бойынша 17 наурыз күні онлайн тестілеу өткізілді, оған 5 педагог қатысты. Олардың үшеуі жүлделі орындарға ие болып, грамоталармен марапатталды, қалған қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Сондай-ақ, 18 наурыз күні «Оқитын әулет» байқауының мектепішілік кезеңі өтті. Оған 4 отбасы қатысты. Байқау қызықты квиз форматында ұйымдастырылып, қатысушылар сұрақтарға белсенді жауап беріп, өз пікірлерімен бөлісіп, оқыған кітаптарын талқылады. Қорытындысы бойынша бір отбасы аудандық кезеңге жолдама алды.Барлық қатысушыларға белсенділігі, кітап оқуға деген қызығушылығы және оқу мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз!
«Оқитын ұлт» республикалық жобасын іске асыру аясында Пригород жалпы білім беретін мектебінде мектепішілік байқаулар кезеңі өтті.
«Оқитын педагог» бағыты бойынша 17 наурыз күні онлайн тестілеу өткізілді, оған 5 педагог қатысты. Олардың үшеуі жүлделі орындарға ие болып, грамоталармен марапатталды, қалған қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Сондай-ақ, 18 наурыз күні «Оқитын әулет» байқауының мектепішілік кезеңі өтті. Оған 4 отбасы қатысты. Байқау қызықты квиз форматында ұйымдастырылып, қатысушылар сұрақтарға белсенді жауап беріп, өз пікірлерімен бөлісіп, оқыған кітаптарын талқылады. Қорытындысы бойынша бір отбасы аудандық кезеңге жолдама алды.
Барлық қатысушыларға белсенділігі, кітап оқуға деген қызығушылығы және оқу мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз!






