Экстремизм мен терроризм.
Экстремизм мен терроризм қазіргі заманның ең қауіпті және өткір мәселелерінің бірі болып табылады. Жастар арасында толеранттылыққа тәрбиелеу, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді дамыту және нығайту мақсатында жоғары сынып оқушылары арасында «Жасөспірімдер және діни секталар» атты сынып сағаты өтті. Оқушылар «секта» ұғымымен, діни секталардың алуан түрлерімен, олардың өзіне тән ерекшеліктерімен танысты. Кәмелетке толмағандардың туындаған мәселелерін шешуде сектаға қосылудан қалай қорғану керектігі жөнінде кеңестер берілді. Білім алушылар «Сақтан, секталардан!» бейнеролигін көріп, талқылады.