Мектептегі өзін-өзі басқару – бұл әрбір оқушы өз қабілеттерін жүзеге асыра алатын оқушылардың өмірін ұйымдастырудың тәсілі болып табылады. Біздің мектепте мектеп парламенті жұмыс істейді. Жаңа оқу жылында мектеп Президентін сайлау қарсаңында біздің үміткерлер өздерінің кандидатын ұсынды: Компаниец Александр мен Забелина Яна. Олар мектеп оқушылары мен мұғалімдерге өздерінің сайлау бағдарламаларын ұсынды. Сайлауға дайындалып жатырмыз! Дұрыс таңдау жасаңыз!!








