28 қыркүйек күні Пригородный жалпы білім беретін мектебінде «Жасөспірім және ата-аналар байланысын қалай жоғалтпау керек?» атты жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Оқыту мен тәрбиелеудің өзекті мәселелері қарастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты: ата-аналарды жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесімен таныстыру, ата-аналарға профилактикалық көмек көрсету. Сондай-ақ, қорқыту, кибербуллинг және оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мәселелері қаралды. Ата-аналарға мектеп оқушыларының аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу бойынша ұсыныстар беріледі.






