«Үндестік», Балалар жылы жобасын жүзеге асыру аясында 1-сынып ата-аналарының арасында «Балаға не үйретсең, баладан соны аласың» атты диалог алаңы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты: мұғалім-оқушы-ата-ана ынтымақтастығын ұйымдастыру. Сынып жетекшісі ата-аналарға «Мұғаліммен қарым-қатынасты қалай құруға болады» ұсыныстарын берді. Мектеп психологы ата-аналар ұжымын біріктіру ойынын өткізді, 1-сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері мен ата-аналар тарапынан балаларға көмек көрсету және қолдау көрсету формалары туралы айтты.







