1-сыныпқа қабылдау
Бірінші сыныпқа баратын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін жүзеге асырылады. «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Пригородный жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бірінші сыныпқа алты жастағы балаларды және ағымдағы күнтізбелік жылда алты жасқа толған балаларды қабылдауды қамтамасыз етеді.
Құжаттар тізімі
1 Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (сәйкестендіру үшін қажет)
- Фотосурет 3х4 см Баланың суреті 3х4 см
- № 063/ж нысаны № 063/ж нысанындағы денсаулығы туралы анықтама
- № 026/у-3 нысаны No 026/у-3 нысандағы денсаулығы туралы анықтама
- ПМПК қорытындысы (қажет болған жағдайда)
Сонымен қатар, педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы (ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін)
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
Ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) сенімсіздігін анықтау; Ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы No 546 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;