Асхат Аймағамбетов Президенттің 2021 жылғы Жолдауы аясындағы тапсырмаларды іске асыру туралы
Repost @aimagambetov
・・・
Жыл басында мұғалімдердің, ауыл директорлары мен директор орынбасарларының, қала мектептерінің, білім бөлімдері мен білім басқармалары өкілдерінің қатысуымен педагогтердің аттестациядан өту жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс тобы құрылды.
Жұмыс тобы өз ұсыныстарын жасады. Негізінен олар әдістемеге, әрбір біліктілік санатына қойылатын талаптарға, күтілетін нәтижелерге, кәсіби стандарттың өзара байланысына және т.б. қатысты.
Қазіргі уақытта барлық педагог аттестацияның екі кезеңінен өтеді: бірінші кезең - барлық педагогтің пән мен оқыту әдістемесін білуге арналған тестілеуден міндетті түрде өтуі және екінші кезең-педагог портфолиосын, жетістіктерін бағалау.
Мынадай өзгерістер ұсынылады.
Бірінші кезеңге, яғни ҰБТ-ға (Ұлттық біліктілік тесті) қатысты.
1. Әдістеме бойынша тестілеу сұрақтарын қамтитын толық тақырыптар мен әдебиеттер барлығына қолжетімді болады.
2. Педагогикалық өтілі 30 жыл және жаңа аттестация жүйесі бойынша санаты бар педагогтерді біліктілік тестілеуден босату ұсынылады. Олар аттестацияның екінші кезеңінен ғана өтеді, яғни портфолио тапсырады. Бұл ретте егер олар біліктілік санатын көтергісі келсе, онда аттестация жалпы негізде өтеді. Мысалы, 30 жылдық еңбек өтілі бар педагог-сарапшы өз санатын растаса, аттестациядан тек екінші кезеңнен ҰБТ-сыз өтеді, ал арттырғысы келсе қосымша ҰБТ тапсырады.
3. Сондай-ақ педагогикалық өтілі 30 жыл, бірақ ескі аттестаттау жүйесі бойынша жоғары, бірінші санатты педагогтер, «педагог-модератор» санатына ауысатын болса, онда олар біліктілік тестілеуден өтуден босатылады. Бұл жағдайда олар аттестацияның екінші кезеңінен өтеді, яғни портфолио тапсырады. Ал егер бұл педагогтер аттестацияның жаңа жүйесі бойынша басқа санаттарды алғысы келсе, онда аттестация жалпы негізде өтеді.
4. Зейнетке шығуына 4 жыл қалған мұғалімдер де жаңа жүйе бойынша бар санатын растаған жағдайда оларды аттестациядан босату ұсынылады. Ал егер олар қолданыстағы біліктілік санатын, тиісінше алатын үстемақысын арттырғысы келсе, онда аттестация жалпы негізде өтеді.
https://www.instagram.com/p/Ch7NPvTsLtz/?igshid=MDJmNzVkMjY=