Дәстүр бойынша Пригородный жалпы білім беретін мектепте ұстаздар күнін атап өтті. Дублер күні өткізілді, жоғары сынып оқушыларының командасы сабақтар өткізді. Балалар қарттар күніне арнап сынып сағаттарын өткізді, мектеп әкімшілігі сабаққа қатысты. «Мұғалімдер сыныбы» арасында да сабақтар өткізілді. Соңында күннің қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті. Оқушылар талдау жүргізе келе, мұғалім мамандығы өте қызықты және сонымен бірге қиын деген қорытынды шешімге келді. Бұл күні 9-сынып оқушысы Стрелкова Ксения «Менің алғашқы сабағым» атты республикалық флешмобқа қатысты. " Станция күзетшісі. Кішкентай адамның қоғамдағы рөлі " тақырыбы бойынша 7 - сыныпта алғашқы сабағын өткізді.