«95 игі іс»
Наурыз мейрамы қарсаңында Жітіқара ауданының 95 жылдығына арналған «95 игі іс» акциясы аясында Пригородный және Станционый мектептерінің мұғалімдері бастама көтеріп, кәсіпкерлер Нагуманова М., Соколов П. ., Абрамов В. және Абрамов И., Жітіқара ауданы күндізгі емдеу орталығының мүгедек-балаларына фломастер жинақтарын табыс етті. Бұл балалардың өмірі осы түрлі-түсті фломастер сияқты ашық түстерге толы болсын.