Дүниежүзілік денсаулық күні
Пригородный ауылының ФАП медицина қызметкері Крыкпаева Г.А. 9-11 сынып оқушылары арасында «Репродуктивті денсаулық» атты дөңгелек үстел өткізді. Шара Дүниежүзілік денсаулық күні аясында өтті. Оқушылар адамның ұрпақты болу жүйесінің денсаулығының бұзылуының негізгі себептері туралы айтты. Көмек алу үшін хабарласып, кеңес алуға болатын телефон нөмірлерімен танысты.