ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖІТІҚАРА АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ПРИГОРОДНЫЙ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ
КГУ «ПРИГОРОДНАЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ЖИТИКАРИНСКОГО РАЙОНА» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ
|
|
---|
Четвертый стиль
26
Қыркүйек
2022
|
Құрметті ата-аналар, 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап 1 сыныпқа құжат қабылдау жүргізіледі!
Біздің мектебіміз сіздерді асыға күтеді!
1-сыныпқа қабылдау
Бірінші сыныпқа баратын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін жүзеге асырылады. «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Пригородный жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бірінші сыныпқа алты жастағы балаларды және ағымдағы күнтізбелік жылда алты жасқа толған балаларды қабылдауды қамтамасыз етеді.
Құжаттар тізімі
1 Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі.
Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (сәйкестендіру үшін қажет)
- баланың 2 данада3х4 сантиметр өлшеміндегі цифрлық фотосуреті
- № 063/ж нысаны
№ 063/ж нысанындағы денсаулығы туралы анықтама
- № 026/у-3 нысаны
No 026/у-3 нысандағы денсаулығы туралы анықтама
- ПМПК қорытындысы (қажет болған жағдайда)
Сонымен қатар, педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы (ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін)
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
Ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) сенімсіздігін анықтау; Ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы No 546 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
26
Қыркүйек
2022
|
Бесінші сыныпта «Үндестік» жобасы аясында «Менің отбасымның шежіресі» тақырыбында балалармен және ата - аналар бірге сынып сағаты өткізілді.Оқушылар ата-аналарымен бірге «Отбасы ағашын» және ата-бабалары, отбасылық дәстүрлері туралы әңгімеледі. Сонан соң отбасы, туған-туыстар тақырыптары бойынша мақал-мәтелдер сайысын және блиц-сауалнамасын өткізді. Оқушылар ата-әжелерінің шежіресі туралы қызығушылықпен айтып берді.