ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖІТІҚАРА АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ПРИГОРОДНЫЙ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ
КГУ «ПРИГОРОДНАЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ЖИТИКАРИНСКОГО РАЙОНА» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ
|
|
---|
Қамқоршылық кеңесі
30
Қараша
2022
|
«Үндестік», Балалар жылы жобасын жүзеге асыру аясында 1-сынып ата-аналарының арасында «Балаға не үйретсең, баладан соны аласың» атты диалог алаңы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты: мұғалім-оқушы-ата-ана ынтымақтастығын ұйымдастыру. Сынып жетекшісі ата-аналарға «Мұғаліммен қарым-қатынасты қалай құруға болады» ұсыныстарын берді. Мектеп психологы ата-аналар ұжымын біріктіру ойынын өткізді, 1-сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері мен ата-аналар тарапынан балаларға көмек көрсету және қолдау көрсету формалары туралы айтты.
3
Қазан
2022
|
28 қыркүйек күні Пригородный жалпы білім беретін мектебінде «Жасөспірім және ата-аналар байланысын қалай жоғалтпау керек?» атты жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Оқыту мен тәрбиелеудің өзекті мәселелері қарастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты: ата-аналарды жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесімен таныстыру, ата-аналарға профилактикалық көмек көрсету. Сондай-ақ, қорқыту, кибербуллинг және оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мәселелері қаралды. Ата-аналарға мектеп оқушыларының аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу бойынша ұсыныстар беріледі.
30
Қыркүйек
2022
|
12 қыркүйек күні Пригородный жалпы білім беретін мектепте бесінші сынып оқушылары үшін арнау өтті. Жаңадан келген бесінші сынып оқушылары әр түрлі қызықты тапсырмаларды орындай отырып, өз шеберліктерін, дағдыларын көрсете алды және 5-сыныпта оқуға деген дайындығын көрсетті. Біз оларға сәттілік тілейміз!
26
Қыркүйек
2022
|
Құрметті ата-аналар, 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап 1 сыныпқа құжат қабылдау жүргізіледі!
Біздің мектебіміз сіздерді асыға күтеді!
1-сыныпқа қабылдау
Бірінші сыныпқа баратын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін жүзеге асырылады. «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Пригородный жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бірінші сыныпқа алты жастағы балаларды және ағымдағы күнтізбелік жылда алты жасқа толған балаларды қабылдауды қамтамасыз етеді.
Құжаттар тізімі
1 Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі.
Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (сәйкестендіру үшін қажет)
- баланың 2 данада3х4 сантиметр өлшеміндегі цифрлық фотосуреті
- № 063/ж нысаны
№ 063/ж нысанындағы денсаулығы туралы анықтама
- № 026/у-3 нысаны
No 026/у-3 нысандағы денсаулығы туралы анықтама
- ПМПК қорытындысы (қажет болған жағдайда)
Сонымен қатар, педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы (ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін)
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
Ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) сенімсіздігін анықтау; Ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы No 546 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
26
Қыркүйек
2022
|
Бесінші сыныпта «Үндестік» жобасы аясында «Менің отбасымның шежіресі» тақырыбында балалармен және ата - аналар бірге сынып сағаты өткізілді.Оқушылар ата-аналарымен бірге «Отбасы ағашын» және ата-бабалары, отбасылық дәстүрлері туралы әңгімеледі. Сонан соң отбасы, туған-туыстар тақырыптары бойынша мақал-мәтелдер сайысын және блиц-сауалнамасын өткізді. Оқушылар ата-әжелерінің шежіресі туралы қызығушылықпен айтып берді.
23
Қыркүйек
2022
|
Қазақстандық оқушылардың демалысы 2022 жылдың 17 қаңтарына дейін ұзартылды.
23
Қыркүйек
2022
|
21.01.22 ж. " Үндістік " жобасы аясында, "Қамқор жүрек" отбасылық клубының жұмысы бойынша Пригородный жалпы білім беретін мектебінде 1-4 сыныптарының ата-аналар арасында "Қыздар мен ұлдар - екі түрлі әлем?" атты ата-аналар конференциясы өтті. Әңгіме гендерлік тәрбие проблемаларының маңыздылығы және оқушылардың жыныстық тәрбиесіндегі ата-аналардың рөлі туралы болды.
23
Қыркүйек
2022
|
«Жітіқара ауданы білім бөлімінің Пригородный жалпы білім беретін мектебі» КММ-де тамақтандыруды «Дәмді» ЖШС қамтамасыз етеді. Мектепте 101 оқушы оқиды. Жалпы оқыту қоры есебінен тегін ыстық тамақ ұйымдастырылып, әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан 19 оқушы тамақтанады.