ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖІТІҚАРА АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ПРИГОРОДНЫЙ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ
КГУ «ПРИГОРОДНАЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ЖИТИКАРИНСКОГО РАЙОНА» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ
|
|
---|
Четвертый стиль
11
Қаңтар
2022
|
Ұлы қазақ даласында азаттықтың туы желбіреп, тәуелсіздіктің таңы атқанына 30 жыл толып отыр. Осынау сындарлы жылдар ішінде қазақ елі алып белестерге қол жеткізді. Ғасырлар қойнауынан тағылым алып, ұлылықты ұлағат тұтқан ата-бабаларымыз тамыры тереңде жатқан дәстүрлеріміз бен дінімізді, тілімізді жаңғыртты. «Өткендердің қадірін білу, олардың арман-мүдделерін жалғастыру – адамгершілік парыз ғана емес, қоғамдық дамудың, ілгері басудың негізгі алғышарттарының бірі» деген Елбасы қандастарымызды ата-бабаларымыздың жолымен жүріп, жүрегінде патриоттық сезім ұялатып, болашаққа нық сеніммен қадам басуға шақырды. Бүгінде дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған ана тіліміз тәуелсіздіктің басты нышанына айналды.
Ана тілі адамның ғұмыр бойғы серігі , мемлекетімізді өркендетуге себепші болатын қуатты күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтеруші пәрменді құрал, жұртшылықты ұлттық рухта тәрбиелеудің өткір қаруы.
Сол үшін бөбегіңді бесік жырымен тербетіп, ертегі, аңыз – әңгімелер, естеліктер айтып, ата – бабаларымыздың тарихымен таныстыру арқылы тәрбие беруде тіліміздің алатын орны ерекше.
Дәрежеге емес, дәстүрге бағынған халқымыз ана тілімізді қадірлеу арқылы салтымызды санасында сақтап, жадында жаттайды. Мысалы: тұсау кесу, сыңсу, беташар, жар-жар, жоқтау өлеңдері, тағы басқа салт – дәстүр жырлары біздің тілімізде ғана айтылған. Сондықтан біз өз ана тілімізде сөйлеп, салт –дәстүрімізді жалғастырып, ұрпақтан –ұрпаққа таратуымыз керек, туған тіліміз арқылы. Меніңше, әр қазақ азаматы қазақша сөйлемесе, ана тіліміздің тағдыры шешілмейді. Себебі, тіл бар болса ғана ұлт бар.
Өйткені, әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы — ана тілі. Қазақстан Республикасының негізгі тілі — мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін құрметтеу, оны білу — біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. Ана тіліне салғырт қарау — өз халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайлы қарау деген сөз.
Сондықтан, өз ана тілімізде сөйлеуіміз керек, қадірлеуіміз қажет, бұл біздің патриоттық парызымыз.
Қолымыз бостандыққа жетіп, Тәуелсіз мемлекет құрып, оның тұғырын нығайтып, дәл бүгінгі таңда осы киелі де қасиетті ана тілімізді көзімізідің қарашығындай сақтауымыз қажет.
Осы бағытта Пригородный жалпы білім беретін мектебінде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында көптеген іс-шараларды ұйымдастырып, жүйелі жұмыс атқарып келеді. Атап айтар болсақ, тілдер мерекесіне арналған «Қазақ тілінің білгірі» атты сайыс, Тәуелсіздік күніне «Патриоттық ән» атты челлендж, «Патриоттық әндерді орындау» музыкалық сайыс, «Жырлаймын Отанымды!» патриоттық өлеңдерді мәнерлеп оқу сайысы, Ыбырай Алтынсарин атамыздың 180 жылдық мерейтойына орай «Кел, балалар, оқылық!» атты сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
Мемлекеттік тіліміз –баянды тәуелсіздігіміз. Қазақстан Республикасының ең айқын белгісі де – тіл. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Осы елді мекен еткен әр ұлт қазақ тілін біліп, үйреніп оны құрметтеуге міндетті. Олай болса мемлекеттік тілді құрметтеу қазақ халқын құрметтеу екенін ешкім де естен шығармасын.
Көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде жатыр» деп атап көрсетті. Саналы да парасатты азамат туған халқының тілін қастерлесе, нұр үстіне нұр болар еді.
Сондықтан мемлекеттік тілді меңгеру әр қазақстандық үшін Отан алдындағы парыз.
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Құрманова Ж.М.
21
Қазан
2024
|
Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша мектеп парламентінің жаңа президенті сайланды – 9-сынып оқушысы Хамзин Мансур, сізді жеңісіңізбен құттықтаймыз! ???? Барлық жоспарланған жобалар мен идеяларды жүзеге асыруда сәттілік тілейміз. Біз бірге мектебімізді бұдан да жақсарта алатынымызға сенімдіміз!
Сайлауға қатысқандардың барлығына алғыс айтамыз – сіздің белсенділік пен үніңіз біздің ортақ ісіміз үшін маңызды.
По итогом открытого голосования избран новый президент школьного парламента - Хамзин Мансур ученик 9 класса,поздравляем с победой! ???? Желаем успехов в реализации всех задуманных проектов и идей. Уверены, что вместе мы сможем сделать нашу школу еще лучше!
Спасибо всем, кто принял участие в выборах — ваша активность и голос важны для нашего общего дела!