|
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖІТІҚАРА АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ПРИГОРОДНЫЙ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ
КГУ «ПРИГОРОДНАЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ЖИТИКАРИНСКОГО РАЙОНА» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ
|
|
|---|
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖІТІҚАРА АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ПРИГОРОДНЫЙ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ КГУ «ПРИГОРОДНАЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ЖИТИКАРИНСКОГО РАЙОНА» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ
Четвертый стиль
|
19
марта
2026
|
«Оқитын ұлт» республикалық жобасын іске асыру аясында Пригород жалпы білім беретін мектебінде мектепішілік байқаулар кезеңі өтті.
«Оқитын педагог» бағыты бойынша 17 наурыз күні онлайн тестілеу өткізілді, оған 5 педагог қатысты. Олардың үшеуі жүлделі орындарға ие болып, грамоталармен марапатталды, қалған қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Сондай-ақ, 18 наурыз күні «Оқитын әулет» байқауының мектепішілік кезеңі өтті. Оған 4 отбасы қатысты. Байқау қызықты квиз форматында ұйымдастырылып, қатысушылар сұрақтарға белсенді жауап беріп, өз пікірлерімен бөлісіп, оқыған кітаптарын талқылады. Қорытындысы бойынша бір отбасы аудандық кезеңге жолдама алды.Барлық қатысушыларға белсенділігі, кітап оқуға деген қызығушылығы және оқу мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз!
«Оқитын ұлт» республикалық жобасын іске асыру аясында Пригород жалпы білім беретін мектебінде мектепішілік байқаулар кезеңі өтті.
«Оқитын педагог» бағыты бойынша 17 наурыз күні онлайн тестілеу өткізілді, оған 5 педагог қатысты. Олардың үшеуі жүлделі орындарға ие болып, грамоталармен марапатталды, қалған қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Сондай-ақ, 18 наурыз күні «Оқитын әулет» байқауының мектепішілік кезеңі өтті. Оған 4 отбасы қатысты. Байқау қызықты квиз форматында ұйымдастырылып, қатысушылар сұрақтарға белсенді жауап беріп, өз пікірлерімен бөлісіп, оқыған кітаптарын талқылады. Қорытындысы бойынша бір отбасы аудандық кезеңге жолдама алды.
Барлық қатысушыларға белсенділігі, кітап оқуға деген қызығушылығы және оқу мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз!

|
19
марта
2026
|
Пригородный жалпы білім беретін мектепте «Жер сағаты» атты экологиялық іс-шара өтті. Оқытушылар мен техникалық қызметкерлер қатысты. Белгіленген уақытта олар табиғи ресурстарды құрметтеу идеясын алға жылжыту және энергияны үнемдеу туралы хабардар болу үшін компьютерлерді, шамдарды және басқа да электр құрылғыларын өшірді. Іс-шара тыныш және мазмұнды жағдайда өтті. Қатысушылар мұндай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті, өйткені әрбір адамның аз да болса үлесінің өзі қоршаған ортаны сақтауға көмектеседі. Жер сағаты планетаға қамқорлық қарапайым әрекеттерден басталатынын еске салады.






