|
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖІТІҚАРА АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ПРИГОРОДНЫЙ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ
КГУ «ПРИГОРОДНАЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ЖИТИКАРИНСКОГО РАЙОНА» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ
|
|
|---|
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЖІТІҚАРА АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ПРИГОРОДНЫЙ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КММ КГУ «ПРИГОРОДНАЯ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ЖИТИКАРИНСКОГО РАЙОНА» УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКИМАТА КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ
Четвертый стиль
|
14
Шілде
2026
|
- Мемлекеттік мекеме зайырлы және діни білім берудің бөлектілік қағидатын сақтайды. Діни тәрбиенің кез келген түріне жол берілмейді.
- Саяси партиялардың, қоғамдық-саяси және діни қозғалыстар мен ұйымдардың ұйымдастырушылық құрылымдарының құрылуына және қызмет етуіне жол берілмейді.
- Оқытудың зайырлы сипатын іске асыру және мемлекеттік мекеменің білім алушылары арасындағы әлеуметтік, мүліктік және өзге де өзгешеліктердің белгілерін жою мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар белгіленеді.
- Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып енгізіледі.
Мектеп формасының түсін, үлгісін және юбкасының ұзындығын таңдау мемлекеттік мекеме айқындайды және жалпы мектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі.
- Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар мемлекеттік мекеменің фойесінде, ал танысу үшін мемлекеттік мекеменің Интернет-ресурсында орналастырылады.
- Басшы ата-аналарды немесе өзге де заңды өкілдерді жалпымектептік ата-аналар жиналысында білім беру қызметтерін көрсету жөніндегі шартты ресімдеу кезінде міндетті мектеп нысанына қойылатын талаптармен таныстырады.
- Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайларда, ата-аналар балаларды шектеу іс-шаралары алынып тасталғанға, төтенше жағдайдың, форс-мажорлық мән-жайлардың қолданысы тоқтатылғанға дейін мемлекеттік мекемеге балалар бара алатын іскерлік, классикалық стильдегі ыңғайлы киіммен қамтамасыз етеді.
|
14
Шілде
2026
|
Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді.
Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі және күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.
Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығының 13-тармағы).
Білім алушының бас киіммен мектепке келуіне тек медициналық ұйымның анықтамасы және емдеуші дәрігердің ұсынымы болған жағдайда ғана жол беріледі.
Ата-аналар және өзге де заңды өкілдер білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киіп жүруін қамтамасыз етеді.






